Түркістан облысында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр

0
177

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу тұрақты берілуде.


Түркістан облысында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында жылу беру маусымы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жылу беру маусымының үздіксіз әрі қауіпсіз өтуі Түркістан облысының басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында.


Қазіргі таңда өңірдегі қазандықтар температуралық кестеге сай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу тұрақты берілуде.


Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 580,4 мың тонна болса, бүгінде 442,5 мың тоннамен қамтылды. Сондай-ақ теміржол тұйықтарында 75 мың тонна көмір қоры жинақталған.


Өңірде газбен жабдықталып, іске қосылған елді мекендердің ішінде жалпы 334 007 абонент бар. Оның ішінде, бүгінгі таңға дейін 320 656 абонент газға қосылса, ал 9 647 абоненті газға қосылмаған. Қалқалған 3 704 абонент бос учаске немесе құжаты жоқ абоненттер. Бүгінде абоненттерді газға қосу үшін аудан, қала әкімдіктері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалымен бірлесе тиісті жұмыстар жүргізуде.


Газ инспекция мекемелері газбен уланудың алдын алу шараларын күшейткен. Бүгінде жауапты тұлғалар облыс бойынша жалпы 77 265 жеке және көпқабатты тұрғын үйді аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу