Түркістан облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған

0
116

Жылыжайда қияр, қызанақ, салаттық жапырақ және пекин қырыққабаты егілген.


Түркістан облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамыған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылыжай кешенінің жұмыстары ұдайы жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Бостандық елді мекеніндегі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Онда өндіріс көлемі мен сапалы өнім шығаруды жоғары бағалап, ауыл шаруашылығын дамыту, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.


Жылыжай иесі Тоир Раимбердиев өз отбасымен бірге ауыл шаруашылығы саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда олар өздеріне тиесілі 1,90 гектар жер телімінде жылыжай құрылысына ие болып, түрлі көкөніс дақылдарын өсіруде.


Мәселен, жылыжайда қияр, қызанақ, салаттық жапырақ және пекин қырыққабаты егілген. Өнімдер сапалы түрде өсіріліп, жетілдіріліп, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Астана қалаларына экспортталады. Қиярдың северинг түрін0,80 га алқабында 2025 жылы 100 тонна өнім алынған, ал 2026 жылы одан да көп өнім жинап, экспортқа шығаруға жоспарланған. Қызанақтың рунед түрі0,40 га алқабында 2025 жылы 40 тонна өнім алынған және экспортқа жөнелтілген, 2026 жылы өнім көлемін арттыру көзделуде. Жылыжайдың қалған 0,30 га бөлігінде салаттық жапырақ пен пекин қырыққабаты егілген, алдағы жылы бұл дақылдардан өткен жылдарға қарағанда мол өнім алуды жоспарлап отыр.

Бөлісу