Түркістан облысындағы атышулы ауданда 22 жастағы жігіт зорланған (видео)

0
2 860

Түркістан облысында тағы бір жігітті ауылдастары зорлаған.


Түркістан облысындағы атышулы ауданда 22 жастағы жігіт зорланған (видео)

Түркістан облысы, Абай ауылының тағы бір тұрғыны зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Есімін жасырған азамат жаста. Ол ауылдас жігіттердің өзін зорлағанын айтады. Алайда сотқа арызданғанымен іс жабылып қалады деп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Евразия арнасына сілтеме жасап.

Жәбірленуші 6 жылдан бері өзінің зорланғанын дәлелдей алмай жүр. Шымкенттегі венерологиялық емханаға тексерілгенде жыныстық қатынас арқылы жұқпалы ауру жұқтырғанын білген. Тексеру кезінде күдіктілердің де сол ауру табылған. Күдіктілердің лауазымды қызметте істейтін ағаларының арқасында сотта жауап бермей жүр. Ол өзінің және өзін зорлаған жігіттердің Өзбекәлі Жәнібеков мектебін бітіргендігін айтты.

Жәбірленуші жігіттің айтуына қарағанда таныс азаматтар болған соң олардың еш күдіктенбей бірге дастарханда отырған. Олар оны зорлап, видеоға түсіргендерін айтыпты. Тіпті біреуге айтсаң, ғаламторға жариялаймыз деп қорқытқан. Олардың туыстары органда істейді, тіпті бірекінің депутат ағасы да бар. Лауазымда қызмет ететін Сәкен есімді ағасын жұмыстан шығарылған, бұдан басқа жаза қолданылмаған. Туыстары жәбірленуші жігіттің әкесіне келіп айқайлап, оларды қамата алмайсыңдар деп қорқытқан.

Заңгер Джохар Өтебаев бұл іске қатысты қандай да бір мәлімет айту ерте екенін айтады. Егер құқық қорғау органынынң қызметкерлері оның алдында жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанын білсе, күдіктілер 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.