ТҮРКІСТАН: Көне қаланың орнын карьерге айналдырып жіберген

0
866

Қалашық орнын қазып тастаған.


ТҮРКІСТАН: Көне қаланың орнын карьерге айналдырып жіберген

Түркістан облысындағы көне қаланың орнын карьерге айналдырып жібергендерге шара қолданылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы VIII-XIX ғасырлар аралығында өмір сүрген Сұлтан-Рабат қала жұртының орны бүгінде карьерге айналған. Бұл туралы Facebook желісінің белсендісі, табиғатты қорғау инспекторы Ғани Назарбек өз парақшасында жариялады.

"Көне қаланың орнын қалай карьерге айналдырып жіберген?",- дейді табиғат жанашыры.

Тарихи-мәдени ескерткішке зиян келтіріп, ата-бабасынан жеткен мұраға бейжай қарамайтын азаматтардың ашуына тиген бұл әрекетке аудан әкімдігі ресми жауап берді.

"Құрметті, Ғани Назарбек сiздiң жазбаңыз бойынша ақпарат назарға алынды. Тарихи-мәдени ескерткішке зиян келтірген тұлғаларға құқық қорғау органдары тарапынан шара көрілетiндiгiн хабарлаймыз"- делінген Төлеби аудан әкімдігінің ресми жауабында.

фото: Ғани Назарбек парақшасынан