Үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша дайындық 100% орындалды.
Түркістан облысындағы республикалық жолдар қысқы маусымға толық дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы аумағындағы 678 шақырым республикалық маңызы бар жолдар алдағы қысқы кезеңге толық дайындалды.
Арнайы техникалар:
• 36 бірлік КДМ
• 9 автогрейдер
• 6 жүк артқыш техникасы
Инертті материалдар қоры:
• Тұз – 7000 тонна
• Шағал тас (отсев) – 9600 м³
• Химиялық реагент – 46 тонна
Барлық қажетті техника, материалдар және жиынтықтар уақытылы дайындалып, республикалық маңызы бар жолдарда қыс мезгілінде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша дайындық 100% орындалды.


