Түркістан облысындағы табиғи газ нысандарының құрылысына 14,4 млрд. теңге бөлінген

0
519

Газбен қамту деңгейін 85,4%-ға жеткізу немесе 722 елді мекенге қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Түркістан облысындағы табиғи газ нысандарының құрылысына 14,4 млрд. теңге бөлінген

Биыл Түркістан облысында 100-ге жуық табиғи газ нысанының құрылысын жүргізуге бюджеттен 14,4 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жылдың қорытындысымен 13 нысанның құрылысын аяқтап, жалпы газбен қамтылған елді мекендер санын 444-ке жеткізу жоспарлануда. Бұған дейін Қақпақ және Таскескен АГРС іске қосылып, Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында 13 елді мекенге газ қосылған. Алдағы 5 жылда газбен қамту деңгейін 85,4%-ға жеткізу немесе 722 елді мекенге қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Ал, 58 электрмен жабдықтау нысандарының құрылысына 9,1 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысымен 16 елді мекен (23 500 халық) сапалы жарықпен қамтылатын болады. 700 мыңнан астам халық тұратын Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Қызыләскер» қосалқы станция мен әуе желілерінің құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде.


Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 220 кВ «Орталық», 110 кв «Солтүстік» қосалқы станциялары мен оны жалғайтын әуе желілері, Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы станциясының құрылысы басталды. 2022-2023 жылдары аяқталатын болады.