САУРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Түркістан облысының әкімі Сауран ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының Сауран ауданының тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 27 маусым сағат 11.00-де А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінің акт залында (Шорнақ ауылы, Ы.Алтынсарин к-сі №20), жеке қабылдауы сағат 12.00-де Сауран ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Шорнақ ауылы, М.Темірбаев к-сі №30) өтеді.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2024 жылғы 26 маусымға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.