Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен байланысты орнату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафон эстафетасын Кентау қаласынан Созақ ауданынан келген делегация басшысы, аудан әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бекманұлы салтанатты түрде қабылдап алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қабылдап алу рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев арнайы қатысты.
Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев эстафета өткізудің мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтті.
Іс-шарада Ғ.С.Тұрсынбаев «Адал жол -Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына белсене қатысқан бірқатар азаматтар мен өскелең жас ұрпақтарға Алғыс хат тапсырды.
Марафон аясында Кентауқаласында жалпы 80-нен аса іс-шаралар түрлі форматта, яғни, семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру,спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 8мыңға жуық тұрғын қатысты.
Айта кетейік, «Адал жол -Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Оған қала, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен барлық мақсатты топтардың белсенділігімен өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, марафон Шардара ауданына бастау алып әрі қарай, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Арыс, Отырар және Кентау аудандарында өтті.
Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында облыстың жаңа орталығы Түркістан қаласында өтетін болады.