Айтулы додада еліміздің 20 аймағынан жиналған таңдаулы балуандар белдесіп, мықтылар анықталды.
Ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары шеберліктерін көрсетіп, жалпы 9 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Алматыда өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы додада еліміздің 20 аймағынан жиналған таңдаулы балуандар белдесіп, мықтылар анықталды.
Әсіресе әйелдер күресінде Түркістан облысының спортшылары жоғары шеберліктерін көрсетіп, жалпы 9 медальға қол жеткізді. Команда қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль түсті.
Жеке нәтиже төмендегідей:
Алтын жүлде иегерлері:
Өмірбек Шұғыла – 55 кг, 1-орын
Раймова Нилуфар – 57 кг, 1-орын
Күміс жүлдегерлер:
Аман Мадина – 59 кг, 2-орын
Тастанбек Шәмшиябану – 72 кг, 2-орын
Қола жүлдегерлер:
Марқашева Аяжан – 53 кг, 3-орын
Искандарова Жасмин – 62 кг, 3-орын
Өсербай Гүлдана – 65 кг, 3-орын
Эламас Зейнеп – 72 кг, 3-орын
Таспамбетова Балжан – 76 кг, 3-орын
Түркістан облысы жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды.


