Түркістан облысының делегациясы Өзбекстандағы халықаралық бизнес-форумға барды

0
51

«Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық бизнес-форум өтеді.


Түркістан облысының делегациясы Өзбекстандағы халықаралық бизнес-форумға барды

Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанда халықаралық бизнес-форумға келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында бүгін Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстарының кәсіпкерлері қатысатын «Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық бизнес-форум өтеді.

Ауқымды іс-шараның мақсаты – екі өңір арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және кәсіпкерлер арасында өзара тиімді әріптестік орнату.

Форумға Түркістан облысынан өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін 50-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, экспорт көлемін арттыру, логистикалық мүмкіндіктерді дамыту және шекара маңындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланады.

Іс-шара аясында екіжақты B2B кездесулер ұйымдастырылып, өңірлердің инвестициялық және экономикалық әлеуеті таныстырылады деп жоспарланған.

Бөлісу