Әкім жауапты сала басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құзырлы орган басшалырының басын қосып, өңірдің сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жиын өткізді. Әкім жауапты сала басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту туралы нақты тапсырмалар берді.
ТЖД бастығы Асқар Төлешевтің баяндауынша, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жер сілкінісі болған жағдайда іс-әрекет алгоритміне Алматыдағы орын алған жағдайды ескере отырып, өзгеріс енгізуде. Осы алгоритмге сәйкес облыстың жер сілкінісі болған жағдайда іс-әрекет алгоритмі әзірленіп, бекітіледі. Түркістан облысы сейсмикалық қауіпті өңірлер қатарында. Бұл есеп республика деңгейінде әзірленіп сейсмикалық аудандастыру картасына сәйкес негізделген.
Жиында зілзала қаупі жоғары таулы аймақтарда апаттан қорғану бойынша жұмыстарды мұқият қайта қарау жайлы айтылды.
«Айтып келмейтін апатқа әркез дайын болуымыз керек. Жер сілкінісіне арналған оқу-жаттығудың маңызы зор. Сондықтан дәл осы мәселеге аса мән беріп, жаттығуларды жиі өткізіп тұру қажет. Құлақтандыру жүйелерін қайта қарап, нақты қажеттілікке бейімдеу шарт. Нақты ақпараттың әр адамға дер кезінде жетуін қамтамасыз ету мәселесін күшейту керек», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Жер сілкінісі кезінде іс-әрекет алгоритмі болуы керек. Жиында халыққа жер сілкінісі болған жағдайда қалай қимылдау керек екенін үйрету бойынша жұмыстарды күшейту жолдары айтылды.
Бүгінге облыста жер сілкінісін анықтайтын 4 сейсмостанция жұмыс істейді. Олар Бәйдібек, Түлкібас, Жетісай және Төлеби аудандарында орналасқан. Департаментпен облыстағы көпқабатты ғимараттардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
2023 жылы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
«Қазіргі таңда, әр бір облыстың аумағында жер сілкінісінің нақты қауіптілігін анықтау үшін сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу қажеттілігі туындауда. Облыс халқын дер кезінде құлақтандыру жүйесі қалыпты түрде жұмыс атқарады. Өзіңіздің өткен жылдағы тапсырмаңызға сәйкес сиреналық сөйлеу құрылысын алуға ұсыныс берілді. Сондай-ақ телеарналар мен радио толқындарын ұстап қалу арқылы халықты құлақтандыру мен жиынтық басқару жүйелері жаңартылады. Су қоймаларына жақын маңда орналасқан ауылдардағы құлақтандыру жүйелері де жаңартылады. Облыстың жер сілкінісінің салдарын жою жоспары әзірленіп, министрлікке келісімге жолданған», – деді ТЖД бастығы.
Түркістан облысының 2023 жылға арналған халықты және мамандарды азаматтық қорғау саласында оқыту жоспарына сәйкес оқу курстары, 4,5 мыңға жуық сейсмикалық оқу-жаттығуларды өткізілген. Жұмыстар әрі қарай жалғасады. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан мектеп оқушыларын төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге үйрету мақсатында 53 мыңнан астам қатысушыны қамти отырып, 402 интерактивті сабақтар жүргізілді.
Қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан бастап қалыптастыру аса маңызды. Өйткені тұрғындардың ересек тобына жеткізу біраз қиындық тудырады. Мұндай шараны алдағы уақытта жиі өткізу жоспарлануда. Әр мектепте төтенше жағдайлар жөніндегі министрлер жұмыс істейді. Олармен бейне және офлайн түрінде түрлі кездесулер өткізіледі. Өткен жылдың ішінде облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелерде жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Айта кетейік, 1 наурыз азаматтық қорғаныс күніне орай республикалық жер сілкінісі бойынша оқу-жаттығу өткізілу жоспарлануда.