​Түркістан облысының тарихы тұнған ауылында жиын өтті

0
2 148

Укаша ата, Мес ата, Жылаған ата сынды киелі жерлер орналасқан.


​Түркістан облысының тарихы тұнған ауылында жиын өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының Абай ауылында «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жастарға туған өлке тарихын зерделеу, тарих тағылымын, өмірден өткен асыл ұстаздарды, Укаша ата, Мес ата, Жылаған ата сынды киелі жерлерді білуге, қисса-дастан, исламдық мейірімді таным түсінігін кеңейту, өз отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиын қалалық білім бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы орта мектебінде өтті.

Ауыл тумасы, «Айқын» газетінің Түркістан облсындағы меншікті тілшісі Телман Бейсен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір қатар ұсыныстарын жеткізді.

- Бұған дейін елімізде «Мәдени мұра», «Тарих толқыны» секілді көптеген бағдарламалар жүзеге асты. Бұл бағытта ел тарихын зерделейтін, ауылдардың өткенін көрсететін кітаптар жарыққа шығып, деректі фильмдер түсірілді. Бірақтан Абай ауылы жайында бұл бағытта ешқандай жұмыс іске аспады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бұл олқылықтың орны толтырылса деген ұсынысым бар. Яғни, ауыл тарихына арналған кітап жазылса, жас ұрпақтың туған елін тануына үлкен жағдай туғызар едік. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен ұстаздарынан арнайы қоғамдық кеңес құрып, ауыл тарихын, атауларын білетін қариялармен кездесулер жиі өткізіліп тұрса, – деді.

Жиын соңына республикалық «Батагөй қариялар» байқауынында жүлделі орынды иеленген, Түркістан қаласының құрметті азаматы Бейсен Әбдібек атында мектептен арнайы сынып ашылатын болды.

Іс-шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.