ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубтарының мүшесі атанды

0
1 145

«Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры Федерация Кеңесінің кезекті отырысы өтті.


ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубтарының мүшесі атанды

Түркістан «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубтарының мүшесі атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Оралұлы Ақшолақовтың төрағалығымен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры Федерация Кеңесінің кезекті отырысы өтті.


Алқа отырысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директорының міндетін атқарушы Магнус Магнуссон, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Байсабаева Әлия, Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы мен Қазақстандықьмекеме басшылары қатысты.


Отырыс барысында ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының 2023 жылға арналған қызметінің перспективалық жоспарын бекіту мәселелері, кандидат клубтарына ЮНЕСКО клубтарының мәртебесін беру мәселелері және ЮНЕСКО клубтарын ашуға өтінімдер қаралды.


Алқа мүшелері Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Абай облысында ЮНЕСКО клубтары федерациясының үш Аймақтық өкілдігін ашу туралы мәселені бірауыздан мақұлдады.


Аталмыш жиында Оқушылар сарайының жобалары мен ЮНЕСКО клубтарының федерациясымен бірге атқарған жұмыстарын Индира Сарқытқызы таныстырды. Еңбегіміщ еленіп, Түркістан Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубтарының мүшесі болды.


Болат Ақшолақов өз сөзінде Қазақстанның ЮНЕСКО-ға кіруінің 30 жылдығын және ЮНЕСКО клубтары қозғалысының құрылғанына 75 жыл толуын мерекелеу жылында клубтардың балалар мен жастардың дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.