Төлебилік жастар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті.
Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласының орталық «Жастық» стадионында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Олимпиада шыңы» атты эстафета өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Эстафетаның мақсаты Жастардың бойына «Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік» басымдығын сіңіру, пайдалы істермен айналысу, өзін-өзі жетілдіру, уақытты тиімді пайдалануға үйрету және баулу.
Жарыстың ашылу салтанатына Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева және Ленгір қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғ.Ордабаев арнайы қатысып спортшыларға сәттілік тіледі. Демеушілер есебінен аяғын мықтауға, жүгіруге арналған тренажер құрылғысы, күрес матрастары, арнайы спорттық киімдер, татами, жаттығуға арналған құрал жабдықтар сыйға тартылды.
Сонымен қатар, «Жастар жылына» орай жасөспірімдер арасында баскетбол, футбол, волейбол спорт түрлерінен Төлеби аудандық спартакиадасы ұйымдастырылды.
Нәтижесінде футболдан 1-орынды Киелітас командасы иеленді. Ал, 2-орынды Ленгір , 3-орынды Көксәйек командалары қол жеткізді. Волейболдан 1-орынды Ленгір 2 командасы, 2-орынды Ленгір 1, 3-орынды Ленгір 3 командалары өзара бөлісті. Баскетбол ойынынан Ленгір 1 командасы жүлделі орынды, 2-орынды Ленгір 2, 3-орынды Ленгір 3 командасы иеленді.
Іс-шара соңында «Олимпиада шыңы» атты эстафета кубогы Төлеби ауданынан Қазығұрт ауданына табысталды.