ТҮРКІСТАН: Өндірістік паркте 42 ғимарат салынып жатыр

0
341

Қосымша 39 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында.


ТҮРКІСТАН: Өндірістік паркте 42 ғимарат салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі жас кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесті. Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатында өткен басқосуда жас кәсіпкерлер облыс аумағында атқарып жатқан жұмыстарының барысымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.


Сондай-ақ, кездесуде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат жасалған. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүзеге асыру сатысында.


Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 млрд. теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 млрд. теңгеге 7 жоба іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC Group», әскери шатыр және жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» компаниялары бар. Өндірістік парктің 2 және 3 кезеңдері (28 ғимарат) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, биыл тапсырылмақ. Бұл аймақтарда 70 млрд. теңгеден астам инвестиция сомасына өндіріс орындарын ашу жоспарланған.