ТҮРКІСТАН: Өңірдегі маңызды мәселелер талқыланды

0
249

Әкімдерге өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Өңірдегі маңызды мәселелер талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды.


– Жергілікті әкімдерге тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін сапалы, созбалаңға салмай, уақтылы шешуді тапсырамын. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін заң шеңберінде орындап, міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар. Тұрғындарды негізінен тұрғын үй, жер, инфрақұрылымдық мәселелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік мәселелер мазалайды. Осыларды назарда ұстаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.


Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасады. Сонымен бірге өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу