ТҮРКІСТАН: Өңірдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды

0
59

Жиынға тиісті басқармалардың басшылары мен құқық қорғау органдары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Өңірдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды

Түркістан облысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланған апталық штаб отырысы өтті. Жиынға тиісті басқармалардың басшылары мен құқық қорғау органдары қатысты. Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.


Жиында өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, ел бірілігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Мәселелер ортаға салынып, нақты шешімдер қабыланды.


Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша туындаған әрбір өзекті мәселе дер кезінде бақылауға алынып, жедел әрекет ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар жиында көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу