Облыстағы жылыжайлардың жалпы аумағы 1 007 гектарға жетті.
Түркістан облысы агроөнеркәсіп саласы бойынша көш басында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы – агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшы өңір. Облыста 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құрады.
Өңір мақта өсіру және өңдеу, сондай-ақ жеміс-жидек, бақша және ет өнімдерін экспорттау бойынша республикада бірінші орында.
Облыстағы жылыжайлардың жалпы аумағы 1 007 гектарға жетіп, республикалық үлесі 72 %-ды құрап отыр.
Одан бөлек, облыс уран өндіру және өңдеу бойынша республикада ғана емес, әлемде бірінші орында.
Ал фосфорит, темір рудасы, тұз және натрий хлориді қоры бойынша республикадағы ТОП-5 өңірдің қатарында.


