Түркістан өңірінде 460 егіз, 6 үшем дүниеге келген

0
559

Туудың негізгі үлесін 30-34 жас және 25-29 жас жастағы әйелдер құрайды.


Түркістан өңірінде 460 егіз, 6 үшем дүниеге келген

Түркістан облысында жыл басынан бері 460 егіз, 6 үшем дүниеге келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Ұлттық статистиканың мәліметінше 2022 жылы 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген. Соның ішінде Түркістан облысында – 1185 егіз, 24 үшем. Облыстың оңтүстік аудандарында туу көрсеткіші жоғары. Ал биыл жыл басынан бері 460 егіз, 6 үшем туылған.


Былтырғы жылдың мәліметінше Алматы облысында 782 егіз, Алматы қаласында 756 егіз бен 21 үшем. Астана қаласында 18 үшем дүниеге келген. Жалпы 2022 жылы туған сәбилер саны – 403,9 мың. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау – 28,53 адам, Түркістан – 27,67, Шымкент қаласы – 27,13. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.


Айта кетейік, Қазақстан халқы саны 2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен. Оның ішінде 2 млннан астамы Түркістан облысының тұрғыны.