​ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 10 коммуналдық жағажай ашылды

0
812

Биыл Түркістан облысының аумағында 36 (оның ішінде 19 коммуналдық болса 17 жекеменшік жағажай) қауіпсіз демалыс орны жұмыс істеп тұр.


​ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 10 коммуналдық жағажай ашылды

Жаз мезгілінде су айдындарында жазатайым оқиғалар көптеп тіркеледі. Осы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында бүгін Ордабасы ауданына қарасты Бөген елді мекені, «Бөген» су қоймасы бойынан коммуналдық жағажай ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға Түркістан облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник А. Ержанов пен департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор О.Дүйсен қатысты.

Аталған жағажайда адамдардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті және қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды.
Биыл Түркістан облысының аумағында 36 (оның ішінде 19 коммуналдық болса 17 жекеменшік жағажай) қауіпсіз демалыс орны жұмыс істеп тұр. Барлығында дерлік демалушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Осы орайда, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау керектігін ескертеді! Белгіленбеген және тыйым салынған орындарда суға түсуге болмайды, балаларды су айдындарының жағасында қараусыз қалдырмаңыздар!