Нәресте - отбасындағы алтыншы бала.
Ордабасы ауданында алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы аудандық орталық ауруханасының перзентханасында алып бала дүниеге келді.
19 шілде күні Төрткүл ауылы, Көкарал елді мекенінің тұрғыны Кунтасова Гүлмира Абдурахманқызы салмағы 5120 гр, бойы 58 см болатын алып баланы дүниеге алып келді.
Нәресте - отбасындағы алтыншы бала. Сәбидің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және қалыпты жүктілікте босанды.
Бұл орайда, перзентхана меңгерушісі Қадырбекова А.С, акушер гинеколог Байларова М.Б, акушерка Карабаева Г.Т, неонотолог Юсупова Г.Б әйелді ешқандай асқынусыз босануына атсалысты.
Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында.
Еске сала кетсек, медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады.