ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 120-дан аса жоба іске асырылды

0
81

Нәтижесінде жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып, спорт кешендері салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелері жақсарды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 120-дан аса жоба іске асырылды

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы Ордабасы ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Ордабасы ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қосты. 2019-2025 жылдар аралығында жалпы 10 млрд 887 млн теңгеге 122 жоба іске асырылды. Нәтижесінде жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып, спорт кешендері салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелері жақсарды.

Жобаның алғашқы кезеңінде, 2019 жылы Темірлан елді мекенінде 384 млн теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып, 11 көше немесе 5,8 шақырым жол жөнделді. Сонымен қатар «Аққу» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, аудандық мәдениет үйінің ғимараты абаттандырылды.

2020 жылы Бадам, Төрткүл және Темірлан ауылдарында 1 млрд 231 млн теңгеге 31 жоба іске асырылды. 29 көше, 13,8 шақырым жол жаңартылып, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті.

2021 жылы 8 елді мекенде 1 млрд 761 млн теңгеге 37 жоба орындалып, 36 көше немесе 21,6 шақырым жол жөнделді. Төрткүл ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

2022 жылы 7 елді мекенде 719 млн теңгеге 8 жоба жүзеге асып, 6 көше, 4,2 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Қызылжар ауылында газ жүйесінің құрылысы жүргізілді.

2023 жылы 11 елді мекенде 2 млрд 256 млн теңгеге 19 жоба қолға алынып, 25 көше немесе 28,5 шақырым жол жөнделді. Сонымен бірге Темірлан, Бадам және Қажымұқан ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы басталды.

2024 жылы 8 елді мекенде 2 млрд 895 млн теңгеге 11 жоба іске асырылып, 45 көше немесе 12,3 шақырым жол жаңартылды. Бірқатар ауылдарда электр желілері аяқталып, жаңа спорт кешендері ел игілігіне берілді.

2025 жылы 7 елді мекенде 1 млрд 641 млн теңгеге 7 жоба жүзеге асырылып, 27 көше немесе 27,1 шақырым жол жөнделді. Қажымұқан ауылында мәдени спорт кешені ашылып, Шұбар мен Темірланда жаңа спорт нысандарының құрылысы жалғасуда.

Жалпы алғанда, жоба аясында 179 көше, 113,3 шақырым жол жөнделіп, ондаған әлеуметтік және спорт нысандары жаңғыртылды.

Аталған жұмыстар Ордабасы ауданындағы ауылдардың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға нақты мүмкіндік берді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауылды дамытудағы тиімді бастама екенін іс жүзінде дәлелдеп келеді.

Бөлісу