ТҮРКІСТАН: Ордабасыда фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды

0
73

Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды

Ордабасы ауданында фельдшерлік-акушерлік бекет ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздік күні Ордабасы ауданы, Қарабастау елді мекенінде фельдшерлік акушерлік бекеті ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысты.


Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіне қарасты Қарабастау ауылының тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары ем іздеп аудан орталығына бармай дертіне шипаны «Қарабастау-2» фельдшерлік-акушерлік бекетінен табатын болды. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған.


Мыңнан аса тұрғыны бар ауылдағы фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.

Бөлісу