Жоба иелерімен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.
Ордабасылықтар шағын және орта кәсіпке бет тұрып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Айнұр Балқыбаева үй шаруашылығында отырып, 200 бас үй тауығын асырап, тәулігіне 180-200 дана жұмыртқа алуда. Қазіргі таңда Темірлан ауылының тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар сауда дүкендерін үй тауығының жұмыртқасымен қамтып отыр. Өз қаржатымен кәсібін бастаған кәсіпкердің алдағы жоспары тауық санын 2000 басқа ұлғайтып, кәсібін жандандыру.
Сондай-ақ, Көктөбе елді мекенінде өз қаражаты есебінен кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Досхан Жолдыбаев өз қаражатының есебінен 3 гектар жер телімінен қызанақ пен қияр өнімін егіп, үй шаруашылығында 5000 дана шын ыдыс (банкіге) 6 өнімнің түрін (бүтін қызанақ, бүтін қияр, салаттың 4 түрін) жабуды көздеуде.
Жобаларға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.