Ашық кіші футбол алаңшасы, STREET WORKOUT алаңшалары салынады.
Ордабасы ауданында жыл сайын жаңа спорттық нысандар салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы ауданынан ҚР еңбегі сінген 11 жаттықтырушы, 3 спорт қайраткері, 20 Әлем жеңімпазы, 19 Азия жеңімпазы, 17 Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері, 56 – ХДСШ-і, 125-тен аса спорт шебері шыққан. 2021 жылы ауданымыздан шыққан 10 спортшы ұлттық құрамаға, 11-і облыс құрамасына енді. Сондай-ақ, 7 спортшы ҚР жеңімпазы, 9-ы күміс және 12-сі қола жүлдегер атанған.
Қазіргі уақытта аудан бойынша 3 спорт мектебі мен спорт клубында 237 топ 115 жаттықтырушы және 2 844 оқушы жаттықтырылуда. Жалпы аудан халқының 34,7 пайызы (42 500 адам) 237 спорт нысандарында бұқаралық спорт түрімен тұрақты айналысады. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі 2021 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай жыл бойы 150 спорттық іс-шара өткізіп, 12 айда 15 976 адам тартылған. Осылайша аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортпен айналысуға қызығушылығы артып отыр.
Ауданда көкпар, аударыспақ, теңге алу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, қазақ күрес, белбеу күресі, дзюдо, самбо, еркін күрес, аралас жекпе жек, қол күрес, футбол, баскетбол, волейбол, бокс, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, каратэ-до, үстел теннис, ауыр атлетика, грэпплинг, футзал, кіші футбол, әскери самбо, панкратион спорт түрлерінен арнайы секциялар ашылған.
Өткен жылы аудан аумағында бюджет есебінен 3 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде Темірлан, Бадам және Төрткөл ауылдарында 4 жабық қаңқалы кіші футбол алаңшасы мен спорт кешені пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2021-2024 жылдарға салынатын өтпелі нысандар ретінде Темірлан ауылының Самал мөлтек ауданында жалпы сметалық құны 1 млд. 500 млн теңгені құрайтын 250 орындық көп салалы спорт кешен құрлысының құжаттары толық дайындалған. Ал, Шұбар ауылына жалпы сметалық құны 482 млн. 939 мың теңгені құрайтын Ұлттық қазақы ат ойындар алаңшасын салуға салалық басқармаға құжаттар ұсынылған.
Жалпы 2021 жылдың 12 айында республикалық, облыстық чемпионаттар мен турнирлерде, спартакиадаларда аудан спортшылары 33 алтын, 40 күміс және 56 қола медаль иеленген. Биыл жергілікті бюджеттен Бадам, Ынталы, Қайнар, Қараспан, Шұбар, Мәдениет ауылдарында ашық кіші футбол алаңшасы, STREET WORKOUT алаңшалары салынады