ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тарихи атауларды қайтаруға бағытталған конференция өтті

0
532

Конференция мақсаты – ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын қатаң басшылыққа алуды насихаттау.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда тарихи атауларды қайтаруға бағытталған конференция өтті

Ордабасыда «Тарихи атауларды қайтару – тарихи жаңғырудың кепілі» атты облыстық конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Тарихи атауларды қайтару – тарихи жаңғырудың кепілі» атты облыстық конференция өтті. Шараға облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, тарихшы-ғалымдар және зиялы қауым өкілдері қатысты.


Конференция мақсаты – ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын қатаң басшылыққа алуды насихаттау. Сонымен қатар тарихи тұлғалар мен тарихи атаулардың мән-мағынасын, пайда болу сырларын анықтау, түсіндіру, пікір алмасу болып саналады.


Мәдениет үйінде өткен жиынды облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков ашып беріп, конференцияның маңызы мен мақсатына тоқталды. Ордабасы ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бөлімінің басшысы Құрманәлі Жылқыбай ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, профессор Бекжігіт Сердәлі «Тарихи атауларды қайтару – елдігіміздің мұраты» тақырыбында, Сауран ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова «Ономастикалық жұмыс барысындағы тарихи атаулардың маңызы» тақырыбында баяндама жасады.