ТҮРКІСТАН: Ордабасыдағы үш ауылда модульдік полиция пункті ашылды

0
682

Жаңа жоба өз жемісін берген жағдайда ауданның басқа ауылдарында да аталған кеңсені ашу көзделуде.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыдағы үш ауылда модульдік полиция пункті ашылды

Республика күніне орай Ордабасыдағы үш ауылда модульдік полиция пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республика күніне орай Темірлан, Бадам, Шұбарсу ауылдарының орталығынан модульдік полиция пункті ашылды.


Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары қатысты.


Аудан басшысы Азат Оралбаев полиция қызметкерлерін жаңа кабинеттің ашылуымен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.


Айта кетерлігі, облыста пилоттық жоба ретінде қолға алынған жаңа форматтағы кеңселер алғаш болып ауданда ашылғалы отыр.


Жаңа жоба өз жемісін берген жағдайда ауданның басқа ауылдарында да аталған кеңсені ашу көзделуде.


Жалпы ауданда 9 учаскелік полиция пункті болса, Шұбар ауылында жаңа, заманауи үлгідегі полиция кеңсесінің ғимараты тұрғызылуда.


Мұнан бөлек Бөген ауылындағы учаскелік полиция пунктіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.