Қазақстанның болашағына бағытталған ауқымды инвестиция.
Түркістанда Орта Азияда теңдесі жоқ “Ескек есу” арнасы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркі әлемінің жүрегі – Түркістанда еліміздің спорттық тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиға орын алды. 2025 жылдың басты жаңалығы – халықаралық деңгейдегі «ЕСКЕК ЕСУ» СПОРТ АРНАСЫНЫҢ салтанатты ашылуы өтті.
Бұл – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей спорттық кешен ғана емес, Қазақстанның болашағына бағытталған ауқымды инвестиция.
Жаңа кешен халықаралық стандарттарға сай салынған. 20 000-ға жуық адам қатысқан ашылу – нағыз халықтық мерекеге айналды. 500-ге жуық спортшы байдарка, каноэ, академиялық есу, параканоэ, триатлон, ашық суда жүзу спорттарымен тұрақты түрде айналысады.
Облыс спортшылары – ел абыройын қорғайтын 1800+ медаль иегері
Халықаралық әріптестік: Қазақстан мен әлемдік есу федерациялары арасында меморандум жасалды
САЛТАНАТТЫ ШАРАҒА ҚАТЫСҚАНДАР:
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Мырзабосынов, Халықаралық байдарка мен каноэ федерациясының президенті Томас Кониецко, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мерғалиев қатысты.
Нұралхан Оралбайұлы Көшеров:
«Бұл кешен – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістанды халықаралық деңгейдегі мәдени, спорттық орталыққа айналдыру жолындағы нақты қадам. Бұл арна – болашақ Олимпиада чемпиондарын даярлайтын алтын ұя болмақ!»
TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS – ТЕК СПОРТ ЕМЕС, НАҚТЫ ШОУ!
Ашылу салтанаты халықаралық деңгейде өтті. Кешке келген қонақтар спортпен қатар, мәдени, гастрономиялық және шоу бағдарламаларға куә болды:
САХНАДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДАР:
Динара Сәтжан, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин, Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, «Таңба» этно тобы, «Самғау» би ансамблі, Түркістан музыкалық театры, DJ Macarello.
КӨҢІЛ-КӨТЕРУ АЙМАҒЫ:
Цирк өнерпаздары, аниматорлар, мың бұралған бишілер
Креативті фотозоналар
Балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары
Қолөнершілер жәрмеңкесі
Әуе шарлары шоуы
Су үстіндегі спорт қойылымдары
Флайборд пен лазерлі шоу
Кеш соңында – грандиозды отшашу!
«TAIQAZAN» ГАСТРОФЕСТИВАЛІ:
Нағыз ұлттық дәм мен дәстүрдің көрмесі – «Taiqazan» гастрономиялық жәрмеңкесі халықты тәнті етті. Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекше сусындар, шебер аспаздардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
СПОРТҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН КАПИТАЛ
Түркістан облысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен назар аударуда:
Биыл – 102 спорт нысаны пайдалануға берілді. 2026 жылы – тағы 10 спорт кешені ашылады.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 22 бейімделген спорт секциясы іске қосылды
Қысқы спорт – «Мұз сарайында» хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек үйірмелерінде 400+ бала жаттығуда
Құрылыс кезеңінде – Атшабар кешені, ұлттық спорт түрлерін жандандыруға серпін бермек
ТҮРКІСТАН – РУХАНИ ҒАНА ЕМЕС, СПОРТТЫҚ АСТАНА!
Тарихи шаһар бүгінде тек рухани емес, ғылым, мәдениет, спорт пен туризмнің де орталығына айналуда. «Ескек есу» кешені – осы дамудың жарқын дәлелі.
Түркістанда ашылған бұл бірегей кешен – еліміздің спорттық беделін көтеріп қана қоймай, жаңа чемпиондардың, жаңа жұлдыздардың тәрбиеленетін ордасы болмақ.