ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында азық-түлік бағасы бақылауға алынды

0
840

Ұн мен күнбағыс майының бағасы 150-250 теңгеге дейін төмендеген.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында азық-түлік бағасы бақылауға алынды

Отырар ауданында азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда Отырар ауданы әкімдігі жанына құрылған жұмысшы топ аудандағы ірі және шағын сауда нүктелеріндегі баға тұрақтылығын қадағалап, мониторинг жұмыстарын жүргізді.


Атап айтсақ, аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай бастаған жұмысшы топ алдымен аудан орталығы Шәуілдір ауылының аумағында орналасқан «Дархан», «Отырар», «Мереке», «Ернұр» орта және шағын супермаркеттері мен азық-түлік дүкендерін, «Алмас», «Сәтті жол» жанар жағармай мен газ құю бекеттерін аралап, олардағы шекті бағаларының орындалуына қадағалау жүргізді.


Аудан әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда сауда дүкендеріндегі баға тұрақты, азық-түлік қоры жеткілікті. Тиісінше сауда орындарындағы ұн мен күнбағыс майының бағасы 150-250 теңгеге дейін төмендеген. Ал, жанар жағармай мен газ құю бекеттерінде Аи-92 182 теңгеден, газ 60 теңгеден босатылуда.