Диқандар қуаңшылық пен су тапшылығына қарамастан еңбек етіп жатыр.
Отырар ауданындағы «Ontustik Altaiyr» ЖШС 250 гектар суармалы жерді игеріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырар ауданының әкімі Ә.Жүнісов жұмыс барысымен Ақтөбе ауыл округінде болды. Сапар барысында аудан басшысы шаруа қожалық иелерімен кездесті.
Ақтөбе ауылындағы «Ontustik Altaiyr» ЖШС иесі қазіргі таңда жалпы жер көлемі 250 гектар суармалы жерді игеріп отыр. Оның ішінде 150 гектарға жүгері, 100 гектар алқапқа жоңышқа егілген.
Биылғы жылы қуаңшылық пен су тапшылығы орын алғандығына қарамастан диқандар қауымы қырман таситын берекелі күз мезгілінде мол өнім жинау жолында уақытпен санаспай еселі еңбек етуде. Сапар барысында аудан әкімі осындай қиыншылықтарға мойымай, гектар байлығын арттыру мақсатында жұмыс жасап жатқан диқандардың еңбектеріне табыс тіледі.