ТҮРКІСТАН: Отырар ауданындағы барлық ауылдарда сенбілік өтіп жатыр

0
278

Тазалық шарасында 10 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданындағы барлық ауылдарда сенбілік өтіп жатыр

Отырар ауданындағы барлық ауылдық округтерде экоакция аясында сенбіліктер өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Акция аясындағы сенбілік аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде де ұйымдастырылуда. Тұрғындармен қатар түрлі мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері қатысқан сенбілікте орталық көшелердегі бей-берекетсіз шашылған қоқыстар тазаланып, ретсіз өскен арам шөптер оталды.


Сонымен қатар, экоакцияға «Мұрагер» республикалық қоғамдық бірлестігінің Отырар ауданы бойынша филиалының өкілдері қатысып, «Арыстан Баб» кесенесінің маңайын шөптерден тазартты. Жалпы 300-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында 10 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға жеткізілді.


Шара ұйымдастырушылары аудан тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді түрде атсалысып, тазалықты сақтауға шақырды.