ТҮРКІСТАН: Отырарда 39 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

0
988

39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Отырарда 39 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Отырар ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл округтерде өткен кездесулерінде тұрғындардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, соның негізінде ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен аймақтағы жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.


Бүгінде Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетов, С.Өтебеков көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Аталған жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.


Атап өтсек, 2023 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесінде қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 305,4 шақырым, яғни, 72%-ды құрайды деп жоспарланып отыр.