ТҮРКІСТАН: Отырарда баскетболдан облыстық ашық біріншілік өтті

0
361

Адырбеков Асқар Тілеуқұлұлын еске алуға арналған.


ТҮРКІСТАН: Отырарда баскетболдан облыстық ашық біріншілік өтті

Отырар ауданында баскетболдан облыстық ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің» түлегі Адырбеков Асқар Тілеуқұлұлын еске алуға арналған баскетболдан облыстық ашық біріншілік өтті. Жарысты аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Тартымды да тартысты өткен бұл додада төрешілердің шешімі бойынша жарыс нәтижесінде командалардан І орынды Түркістан қаласынан келген құрама командасы иеленсе, ІІ орын Отырар ауданы, ІІІ орын Сайрам ауданының командасы иеленіп, алғыс хат және демеушілер есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Сонымен қатар, жарыс соңында ойында ерекше көзге түсіп, тартысты ойын көрсеткен спортшылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинацияларымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.