ТҮРКІСТАН: Отырарда бір елдімекен ауыз сумен қамтылды

0
54

65-ке жуық отбасы ауыз сумен қамтылды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда бір елдімекен ауыз сумен қамтылды

Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекені ауыз су жүйесіне қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тәуелсіздік күні қарсаңында Отырар ауданына қарасты Ақкөл елді мекенінде ауыз су жүйесін жүргізу мен имаратының құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды.


Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, Отырар ауданының прокуроры Әмір Қабдырахманов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.


Нысанның құрылыс жұмыстары «Exclusive Project company» ЖШС-і мекемесі тарапынан жүргізілген. Жобаға сәйкес, 11 560 метр су құбыры жүргізіліп, 65-ке жуық отбасы ауыз сумен қамтылды. Құрылыс нысанында 1250м (2 дана) су ұңғымасы қазылып, су сорғы станциясының имараты салынған. Аталған нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып отыр.


Айта кетсек, бүгінде аудандағы 38 елді мекеннің барлығы орталықтандырылған таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.

Бөлісу