Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі жоспарлануда.
Отырарда дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырар ауданы Талапты елді мекенінде бүгінде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Былтыр басталған медициналық мекеменің құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсететін нысанға қажетті қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Алдағы уақытта дәрігерлік амбулаторияны заманауи медициналық құралдармен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған.
Еске сала кетсек, ауыл тұрғындары аудан басшысымен есепті кездесуде амбулаторияның жоқтығынан көп жылдан бері аудан орталығына барып, ем-дом қабылдап жүргендерін жеткізген. Тұрғындар өтініші бүгінде шешімін тауып отыр.