ТҮРКІСТАН: Отырарда облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

0
639

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арналды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

Отырар ауданында облыстық «Тәуелсіз ел ақындары» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен мүшәйра Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арналды.


Салтанатты шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жыр сайысына Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының басшысы Айдар Сейдазым, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы және республикалық, облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Дәурен Ақсақалов төрелік етті.


Қазылардың алқасының шешімімен бас жүлде Дәурен Полатбаевқа бұйырды. Ал, жүлделі I орынды Әлімжан Әлішер, II орынды Бауыржан Ерман, III орынды Ердәулет Бұқарбай иемденді.


«Мархабат Байғұт» атындағы номинациямен Арқалық Әмәлият, «Әселхан Қалыбекова» атындағы номинациямен Умида Жүсіпбекова, «Қаныбек Сарыбаев» атындағы номинациямен Нұрғали Сердалиев,«Әбілда Аймақ» атындағы номинациямен Аян Қуаныш марапатталды.


Айта кетейік, жыр мүшәйраның басты мақсаты халқымыздың мәңгілік құндылығы – «Тәуелсіздік» ұғымын ұлықтап, егемен еліміздің қозғаушы күші жастарға жаңа екпін беріп, рухани құндылықтарға бағыттау болып саналады.