ТҮРКІСТАН: Отырарда өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

0
475

Облыс аумағында жалпы 12 орман шаруашылығы орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Отырарда өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Отырар ауданында шартты түрдегі өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығының аумағында шартты түрдегі өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған шараның мақсаты – орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін таныстыру, өртке қарсы қызмет органының және орман шаруашылығы күш құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлау, уақытылы күш-құралдарын жинау, өрт сөндіру дағдыларды жетілдіру.


Тактикалық оқу-жаттығуға аудан прокуроры Бақытхан Булеулиев, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейрамхан Кемелханов қатысты.


Оқу-жаттығу жиынында орман шаруашылығына жақын орналасқан жайылымда мал бағып жүрген тұрғындардың абайсыз отты пайдалану салдарынан жазық далада өрт шығып, өрт сөндіру ережесіне сәйкес тиісті құрылымдар мен еріктілер өртті ауыздықтау және сөндіру әрекеттерін іс жүзінде көрсетті.


Жиын соңында біліктілігі және мол тәжірибесімен көзге түскен сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.


Айта кету керек, облыс аумағында жалпы 12 орман шаруашылықтары орналасқан. Оның ішінде 5-і ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар әлемі және орман шаруашылығы комитетіне қарасты, қалған 7-і орман мекемесі Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгерімінде. Республикалық мемлекеттік орман қоры жерлері 26 млн. гектар болса, облыстағы орман қорының жалпы көлемі 3 млн. 436 мың гектарды қамтиды.