ТҮРКІСТАН: Отырарда үй ішінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды

0
1 057

Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: Отырарда үй ішінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды

Түркістан облысы Отырар ауданындағы мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген ҚР-да мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің 53 тармақшасын орындау мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды кезең-кезеңімен күндізгі қатынау бөлмелеріне ауыстыру жоспарланған.

Осыған орай бүгін Отырар ауданы Көксарай ауыл округінде және Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұқыр елді мекенінде мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды.

Сондай-ақ, жаңа әлеуметтік бөлмелердің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, көпшілікке ізгі тілегін білдіріп, жаңа нысандардың тыныс - тіршілігімен танысқан аудан басшысы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының тез түзелуіне тілектес екенін жеткізді.

Айта кетейік, мекеме ішінен ашылған дәл осындай шағын әлеуметтік бөлмелер бұрын Отырар ауданындағы 7 ауыл округінде болған. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелерінің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.