ТҮРКІСТАН: Отырарда жайлы мектептердің құрылысы бақылауға алынған

0
477

Өндірістік кестеге сәйкес, бүгінгі таңда жұмыстар қарқын алып, үшінші қабатта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Отырарда жайлы мектептердің құрылысы бақылауға алынған

Отырарда «Жайлы мектеп» жобасының құрылысы бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Сейтжанов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Есінбек Шәуілдір ауылында салынып жатқан жайлы мектеп құрылысының жоспарлы орындалу барысын бақылады.


Білім алушы жас ұрпаққа барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи талаптарға сәйкес келетін мектеп құрылысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржыландыруымен Шәуілдір ауылында бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған 600 орындық мектеп ғимаратының құрылысы мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес, бүгінгі таңда жұмыстар қарқын алып, үшінші қабатта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.


Өңір басшысының тікелей бақылауындағы жобаның маңыздылығына айрықша тоқталған Жансұлтан Әділжанұлы мектептің құрылыс жұмыстарын тиісті мерзімде аяқтауды, өндірістік кестеге сәйкес жұмыстардың сапалы жүргізілуін ұсынды.


Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы аясында барлық мектептер бірыңғай стандартқа сай салынып, заманауи техникамен жабдықталады. Балаларды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.