ТҮРКІСТАН: Отырарлық оқушылар «сөйлейтін кітап» ойлап тапты

0
61

Әр беті – білім мен еңбектің, дәстүр мен технологияның үйлесімін бейнелейді.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық оқушылар «сөйлейтін кітап» ойлап тапты

Отырарлық оқушылар «сөйлейтін кітап» ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Маяқұм ауылынан шыққан оқушылар ғылым мен технология саласында үлкен жетістікке жетіп, ел назарын аударуда. Ш.Уәлиханов атындағы мектептің «Робототехника» үйірмесі бүгінде жас өнертапқыштардың шығармашылық орталығына айналған.


Үйірме жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Әлия Төрегелдиева мен оның шәкірттері ерекше «Сөйлейтін кітап» жобасын әзірледі. Бұл құрылғы мектеп тарихы мен жетістіктерін қазақ тілінде таныстырады. Әр беті – білім мен еңбектің, дәстүр мен технологияның үйлесімін бейнелейді.


Жобаның мақсаты – мектептің брендтік бейнесін қалыптастырып, қонақтарды жылы қарсы алу, білім ордасының рухын заманауи технология тілімен жеткізу.


«Сөйлейтін кітаптан» бөлек, оқушылар «Сөйлейтін қол кептіргіш», «Сөйлейтін үтік», «Smart қол сағат» сынды бірнеше инновациялық жобалар жасап, республикалық және халықаралық ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болған.


Осылайша, шалғайдағы Маяқұм ауылының жас өрендері мен ұстазының еңбегі ел мерейін асырып, өңірдің білім саласындағы жетістіктер қоржынына жаңа табыс қосты.

Бөлісу