ТҮРКІСТАН: Патриоттар форумында еңбек адамдары ұлықталды

0
78

Салтанатты марапаттау рәсімі отаншылдық рухты асқақтататын концерттік бағдарламаға ұласты.


ТҮРКІСТАН: Патриоттар форумында еңбек адамдары ұлықталды

Түркістанда өңірлік патриоттар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өңірлік патриоттар форумы ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мәслихат депутаттары, түрлі сала өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Салтанатты іс-шарада ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңірде мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

– Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы мереке қарсаңында жылдағы дәстүрге сай Патриоттар форумы өтіп жатыр. Бүгінгі облыстық «Патриоттар форумы» – ел дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарды ұлықтайтын іс-шара. Форум аясында қоғамның сан салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген азаматтар марапатталмақ. Сіздердің қажырлы еңбектеріңі өңірдің дамуына серпін беріп, еліміздің өркендеуіне қызмет етуде. Қазіргі таңда Түркістан облысында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл Ордабасы, Мақтаарал және Сауран аудандарында жаңа Рәміздер алаңдарының пайдалануға берілуі – соның айқын дәлелі. Бұл нысандар тұрғындардың, әсіресе жастардың бойында елдік рух пен отансүйгіштік қасиеттерді нығайтуға қызмет етеді деп сенеміз, – деді Ертай Алтаев.

Сонымен қатар жиында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі ниетін білдірді.

Патриоттар форумы барысында өз саласында жоғары жетістіктерге жетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласып жүрген бірқатар еңбек адамы арнайы марапаттарға ие болды. Олардың қатарында дәрігерлер мен жедел жәрдем бекетінің жүргізушілері, мұғалімдер мен мәдениет саласының қызметкерлері, құрылыс саласының өкілдері мен кәсіпкерлер, спортшылар, өрт сөндірушілер және патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бар.

Салтанатты марапаттау рәсімі отаншылдық рухты асқақтататын концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу