ТҮРКІСТАН: Полицейлер алаяқты құрықтады

0
1 101

Түркістан облысы Мақтарал ауданында кәмелетке толмаған қыз баланы мүгедектікке шығарып берем деп 200 мың теңге алып, алдап кеткен. Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім қыздың ата-анасы Мақтарал аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК нің 190 бабы 1-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру тобы құрылған.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер алаяқты құрықтады

Түркістан облысы Мақтарал ауданында кәмелетке толмаған қыз баланы мүгедектікке шығарып берем деп 200 мың теңге алып, алдап кеткен - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім қыздың ата-анасы Мақтарал аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК нің 190 бабы 1-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру тобы құрылған. Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Дәл осындай оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында да орын алған.

Сайрам ауданында да кәмелетке толмаған ұл баласын мүгедектікке шығарып берем деп 150 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Уәдесінде тұрмай, ақшаны өз қажетіне жаратып жіберген танысы мүмкіндігі шектеулі баланың ата анасынан жасырынып жүрген. Түркістан қаласында да жұмысқа орналастырып берем деп алдап ақшасын ап кеткен әйел адам құрықталды. Ол алаяқтықпен 41 адамды тақырғаотырғызып кеткені белгілі болған. Түркістан облысының полицейлері кейінгі уақытта алаяқтық қылмысының өршіп тұрғанын айтады.
"Биылғы жылдың 3 айында несие шығарып берумен – 108 қылмыс;
- Шет мемлекетке жұмысқа тұрғызып берумен – 51 қылмыс;
- Жұмысқа тұрғызып берумен – 49 қылмыс;
- Жүргізуші куәлігін алып берумен – 22 қылмыс;
- Пәтер алып берумен – 19 қылмыс;
- Сенімін теріс пайдаланып – 61 қылмыс тіркелген "- деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, ауыр алаяқтық бойынша үш айда 29 іс тіркеліп, 100% ашылған. Оның ішінде: - Шет мемлекетке жұмысқа тұрғызып берумен – 9 қылмыс;
-Несие шығарып берумен – 8 қылмыс;
- Жұмысқа тұрғызып берумен – 7 қылмыс;
- Сенімін теріс пайдаланып – 5 қылмыс тіркеліп, ашылған.
Қазіргі таңда алаяқтықтың көп тараған түрінің бірі – әлеуметтік желілер, ғаламтор арқылы жасалатыны. Әлеуметтік желідегі қылмыстардың санының өсуі жоғарғы технологияның дамуы және ғаламтор желісіне азаматтардың қолжетімділігі табыс табудың оңай жолы болып отыр. 2019 жылдың 3 айында осы қылмыс түрімен 22 іс тіркеліп, ашылуы 87% пайызды құрады. Түркістан облысы полицейлері алаяқтарға алданбай, өз-өздеріңізге сақ болуды ескертеді.