ТҮРКІСТАН: Полицейлер осы аптада жоғалған бірнеше баланы ата-аналарына табыстады

0
1 419

Түркістандық полиция инспекторлары Ордабасы, Сарыағаш аудандарында жоғалған балаларды үйлеріне қайтарды.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер осы аптада жоғалған бірнеше баланы ата-аналарына табыстады

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 14 жасар қыз бала жоғалған - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


28 мамыр күні жасөспірім үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп қайтып келмеген. Ата-анасы қызын өз беттерінше әбден іздеп таппаған соң тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері жоғалған қыз баланың ерекше белгілері бойынша іздеуге кіріседі. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жасөспірім қызды анасының танысының үйінен тапқан. Полицейлер табылған қыздың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ екендігін анықтаған. Қазір 14 жасар қыз баланың үйінен ешкімге айтпастан шығып кетуіне не себеп болғанын анықтау мақсатында тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қыздарынан қапияда көз жазып қалған ата-ана арыз түскен сәттен бастап, жедел әрекет етіп, қызын аман-есен тауып берген тәртіп сақшыларына дән ризашылығын білдірді.

Сарыағаш ауданында жас ана сауда орталығында сауда жасап жүріп 4 жасар қызынан көз жазып қалған. Өзі іздеп таба алмағаннан кейін, полицияға арызданған. 4 жасар бүлдіршінді іздестіруге кіріскен полицейлер бірер сағатта қыз баланы тауып, анасына табыстайды. Айта кету керек, жыл басынан бері осымен жоғалған 9-шы баланы тәртіп сақшылары іздеп тауып, аман есен ата аналарына табыстап отыр.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданында да жергілікті тұрғын сауда орталығында сауда жасап жүріп, қасындағы қызынан көз жазып қалған. 4 жасар қызын жоғалтып алғанына қатты өкінген және шарасыз қалған ана бар үмітін сақшыларға артады. Ақыры, полицейлердің жедел әрекет етуінің мақсатында бүлдіршін жоғалған аумақты басты назарға алып, іздестіруге күш салады. Нәтижесінде, полицейлер санаулы сағаттың ішінде төрт жасар қызды тауып, анасымен қайта қауыштырады.
Айта кетейік, жыл басынан бері облысымыздың полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 9 бүлдіршін мен жасөспірімді аман-есен тауып, ата–аналарына табыстаған.