ТҮРКІСТАН: Полиция бастығының қабылдауында мәселелер шешімін тапты

0
739

Түрлі проблемалар назарға алынды.


ТҮРКІСТАН: Полиция бастығының қабылдауында мәселелер шешімін тапты

«AMANAT» партиясы филиалындағы аудандық полиция бастығының қабылдауында мәселелер оң шешілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық полиция бөлімінің бастығы Ермеков Мұрат Мұхтарұлы халық үніне құлақ түрді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары А.Қабланова және Е.Баратов жылдар бойы жеке куәлік ала алмай сандалған. Соның салдарынан қажетті ем-дом алуға мүмкіндік жоқ.Ал, Тұрбат аулының тұрғыны М.Баймбетова АПБ қызметкерлерінің жауапсыздығын айтып шағымданды.


Сондай-ақ, Жаңабазар ауылының тұрғыны С.Абдурасилова 10 жылдан бері ҚР азаматтығына қол жеткізе алмай келеді. Қазығұрт аулының тұрғыны Г. Әбіл болса, әріптесі өзінің рұқсатынсыз заңсыз кредит рәсімдегенін айтып шағымданды.


Сонымен қатар, онлайн өтініш қалдырған Б.Серібаевтың айтуынша, жол ережесін бұздың деп негізсіз хаттама жазылып, тіпті ескерту де жасалмайтын көрінеді. АПБ қызметкерлері жол ережесіне өздері де бағынбайды екен.


Аталған барлық арыз-шағымды тыңдаған Мұрат Мұхтарұлы қабылдау барысында нақты жауабын берді.


Нәтижесінде А.Қабланова мен Е.Баратовтың өтініштері екі аптада шешілетін болды және бөлім бастығының тікелей бақылауына алынды. М.Баймбетованың өтініші негізінде қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті қызметкерлерге ескерту берілді. Б.Серікбаевтың шағымы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615 бабы, 1 бөлімі бойынша екіқызметкерге де міндетті түрде шара көрілетіндігі хабарланды. Г.Әбілдің өтініші қазіргі таңда зерделеніп жатыр.