ТҮРКІСТАН: Праймеризге қатысушыларға жеребе тартылды

0
890

Үміткерлер арасында дебаттар мен халықпен кездесулер ұйымдастырылады.


ТҮРКІСТАН: Праймеризге қатысушыларға жеребе тартылды

Түркістан қаласында праймеризге қатысушыларға жеребе тасталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында праймеризге қатысушылар арасында пікірсайыс өткізуге жеребе тасталды. Ол жиынға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, саяси науқанға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Елімізде "Nur Otan" партиясының праймеризіне үміткерлерді тіркеу тамыздың 28-іне аяқталған болатын. Түркістан облысында да үміткерлерді тіркеу кезеңі жоғары деңгейде өткізілгенін айта кету керек. Осы жәйттарға тоқталған төрағаның бірінші орынбасары тұңғыш рет өткізілгелі отырған праймериздің үгіт-насихат жұмыстары басталғанын жеткізді.

«Праймериз кіл мықтыларды анықтайтын болады. Өңірде жалпы 1144 үміткер тіркелді. Оның ішінде Түркістан қаласында 106 азамат тіркеліп отыр. Үміткерлердің 72-сі ер азамат, ал 34-і әйел адам. Бұл азаматтардың 7-еуі мәжіліске, 29-ы облыстық, 70-і қалалық мәслихатқа өтуге өтінім тапсырған. Үміткерлер өзара пікірсайысқа түседі. Осыдан-ақ түркістандықтардың саяси белсенділігін анық байқауға болады. Праймериз барынша әділ әрі ашық та, шынайы әрі шыншыл өтуі тиіс. Ендеше, баршаңызға сәттілік серік болсын!», - деді Бейсен Дәулетұлы.

Сонымен бірге өзге аудан, қалаларда да жеребе тарту рәсімі өтті. Айта кетейік, 7 қыркүйекте үгіт-насихат кезеңі басталып, үміткерлер арасында дебаттар мен халықпен кездесулер ұйымдастырылады. Осы мақсатта облыс бойынша 209 дауыс беруге арналған орын әзірленген. Облыс көлемінде 80 мыңнан астам мүшесі бар облыстық филиал науқанға қызу дайындық жүргізуде. Праймериз арқылы үздіктер анықталып, олар Парламентке және жергілікті мәслихаттарға ұсынылатын болады.