ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
1 789

Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалды.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезектен тыс сессияда Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев қызметінен босатылып, жергілікті мәслихат депутаттарының келісімімен Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ұласбек Сәдібеков 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын, «Қайнар» университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын орта мектепті бітіргеннен кейін 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Алғабас ауданы Алғабасауылында «Алғабас» мал бордақылау бірлестігінде жұмысшы болып бастады.

«Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.