ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында қызметтік тұрғынүй салынады

0
1 199

2017 жылы қызметтік тұрғын үй салу қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында қызметтік тұрғынүй салынады

Сайрам ауданында қызметтік пәтерлер бой көтереді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірдегі кадр тапшылығын шешу мақсатында 2017 жылы қызметтік тұрғын үй салу қолға алынған. Облыс басшысының тапсырмасымен Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекенінде сол жылы қызметтік пәтерлердің құрылысы басталды.

Екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталуға жақын қалған құрылысын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аралап, көріп қайтты. «NK Building» ЖШС мердігер мекемесі нысанды жоспарға орай биыл тапсырады деп жоспарланып отыр. Бұл білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі болмақ.

Айта кетейік, Сайрам ауданында тұрғын үйге кезегіне тіркелген азаматтардың жалпы саны – 1934. Оның 330-ы мемлекеттік және әскери қызметтегі азаматтар.