ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында заманауи мал базары ашылады

0
883

Бүгінде осы бағытта нақты жұмыс жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында заманауи мал базары ашылады

Түркістан облысында халықаралық талапқа сай мал базарын ашу мәселесі қозғалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Үкіметі делагациясының құрамында Аустралия мемлекетіне барып, бірқатар келіссөз жүргізген болаты. Соның ішінде Түркістан облысында халықаралық талапқа сай мал базарын ашу мәселесі қозғалған. Бүгінде осы бағытта нақты жұмыс жүргізілуде.


Өңірлік инвестициялық штаб отырысында да осы жобаны жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген. Осыған байланысты Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Аустралиядан арнайы келген мамандармен кездесіп, өңірде мал шаруашылығы саласына қатысты ауқымды жобаны талқылады.


Айта кетейік, Сайрам – ауыл шаруашылығы өркендеген іргелі аудандардың бірі. Биыл ауданда елімізде бұрын-соңды болмаған «Мал биржасы» жобасы бастау алмақ. Бұл жоба «Nurym Group» компаниясы тарапынан австралиялық үлгіде жасалады. Кәсіпкер Сырым Ертаевтың айтуынша, мұнда мал сатушыларға да, шаруаларға да, келушілерге де жағдай жасалады.


Жаңа жобада мал базарының құрылымын түзуде сатушылар мен төрт түліктің, сауда жасаушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылмақ. Онда саудаға әкелінген малды ыңғайластыруда заманауи технологиялар қолданылады. Сонымен қатар малдарға арналған арнайы орындарда олардың жем-шөбі мен суының уақтылы берілуіне жағдай жасалған. Ең бастысы, мал биржасында тазалықтың талапқа сай болуы қатаң қадағаланады.


Қазіргі таңда жобаның сметалық құжаттамасы аусралиялық мамандармен бірге әзірленуде. Жоба Алматы-Самара тас жолының бойында салынады. Қазір арнайы жерді әзірлеу, инфрақұрылымын жасақтау мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүріп жатыр.