ТҮРКІСТАН: Сайрамда 7 жекеменшік мектеп ашылады

0
1 160

500 балаға арналған мектепте 50-шақты білікті маман қызмет атқарады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 7 жекеменшік мектеп ашылады

Сайрам ауданында «Парасат» жекеменшік мектебінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында «Парасат» жекеменшік мектебінің ашылу салтанаты өтті. Білім ошағы барлық талаптарға сай, заманауи үлгіде салынған. 500 балаға арналған мектепте 50-шақты білікті маман қызмет атқарады.


Игі шараға аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы қатысып, жаңа мектептің ұстаздары мен ата-аналарды және оқушыларды айтулы күнмен құттықтады.


Сонымен қатар, биыл ауданда 3566 орындық 7 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда. Сайрам ауданы жекеменшік мектеп салудан өңірде алғашқы орында келеді. Сондай-ақ, ауданда 7962 мұғалім жұмыс істейді.


Жалпы ауданда 64 мыңнан аса оқушы білім алады. Биылғы оқу жылында 201 білім беру мекемелері жұмыс атқарады. Оның ішінде 74 мемлекеттік мектептер болса, қалған 22- і жекеменшік мектеп екені анықталды. Сондай-ақ, 11 мемлекеттік және 83 жекеменешік балабақша іске қосылған.


Жаңа мектепттің жобалық құны 400 млн. теңгені құрайды. Мультимедиялық оқу залдары, физика, химия, биология, информатика, кабинеттері интербелсенді тақталармен жабдықталған.