ТҮРКІСТАН: Сайрамда мал ауруының алдын алу шаралары қолға алынып жатыр

0
2 038

Сайрам ауданының ветеринар мамандары залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда мал ауруының алдын алу шаралары қолға алынып жатыр

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 226 мың ірі қара мал, 158 мың ұсақ мал, 78 жылқы басы және 2,5 мың шошқа басы тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мамандары ақпан айынан бастап Сарып немесе сал ауруына (бруцеллез) қан сынамалары алынып, Аусыл ауруына қарсы екпе салу жұмыстары жүргізіп жатыр. Екпе жұмыстарына Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жоспарға сай қажетті вакциналар дер кезінде жеткізілген. Аталған шараға аудан бойынша 130 ветеринар мамандары жұмылдырылып, жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.

«Сәуір айында жоспарымызға сай қан сынамаларын алу Сібір жарасына, Құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары жоспарланған. Ол кезде де жоспарға сай атқарамыз. Барлық құрал-жабдықтар, вакциналар жеткілікті. Сәуір айында энзоотиялық аурулардың алды алу шаралары жоспарланған, жоспарға сай кенеге қарсы іс-шаралары атқарылады»,- дейді "Сайрам аудандық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-нің басшысы Бекжан Халимжанов.

Бүгінде аудан бойынша 27,8 мың жеке және шаруа қожалықтарға ветеринариялық қызмет көрсетілуде. Мемлекет тарапынан жыл бойы 14-15 түрлі жұқпалы ауруларға және энзоотиялық ауруларға тегін вакциналық дәрілер беріліп, сырғалау жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ, сәуір айының 15 жұлдызынан бастап Конго-Қырым қызбасына қарсы ірі малдарды бүрку, ұсақ малдарды тоғыту, қора жайларды және соған жапсарлас аймақтарды заласыздандыру шаралары жоспарлануда. Оған қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіліп берілген.